Өскемен гүлге оранады
фото: the-steppe.com
Биыл облыс орталығында алғаш рет гүлмен безендірудің аралас композициясын іске асырып көрмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары (ТҮКШ) бөлімінің хабарлауынша, ауа райы тұрақталғаннан кейін жаңа маусымда қала билігі біржылдық және көпжылдық гүлдердің үйлесімінде гүлзарлар жасауды жоспарлап отыр.
Бөлімде биыл облыс орталығында жыл сайынғы гүлзарлардан бөлек басқа жерлерге де гүлдер егу қарастырылып отырғанын айтты.
Сонымен қатар, қурап және үсіп қалған раушан гүлінің өскіндерін кескеннен кейін олардың орнына Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштің, облыс әкімдігінің, НЗМ, амфитеатрдың және қала әкімдігінің маңына раушан гүлінің жаңа көшеттері егілетін болады.
Жалпы, биыл жазда гүлзарлардың жалпы көлемі 20 мың шаршы метр болмақ, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Өскеменде көгалдар да осындай аумаққа егіледі.