KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

Шығыс Қазақстанда алты спорт кешені салынып жатыр

фото: depositphotos.com

19.04.2024, 12:03 318 Оразай Жеңісұлы

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстанда 1 687 спорт нысаны жұмыс істесе, оның басым бөлігі, яғни 1 166-ы ауылдық жерде орналасқан екен.

Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Серік Қусумбаев мәлім етті. Оның айтуынша, былтыр облысымызда 15 спорт нысаны пайдалануға берілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Қазіргі уақытта өңірде жалпы құны 3,2 миллиард теңгенің алты денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Оның ішінде жаңадан құрылған Үлкен Нарын мен Марқакөл аудандарының орталықтарындағы кешендердің құрылысы да бар. Осы ретте, Үлкен Нарындағы ДШСК-ның құрылысына 429,7 миллион теңге қарастырылса, Марқакөл ауылындағы нысанның құны 390 миллион теңгені құрағанын айту керек, – дейді басқарма басшысының орынбасары.

Ол, сонымен қатар 2024 жылы жалпы құны 2,3 миллиард теңге болатын төрт жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетілгенін айтты. Оның ішінде Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу және Орталық стадионын реконструкциялау, сондай-ақ, Зайсанның Жарсу ауылында мектептің спорт корпусы мен Айнабұлақ ауылында спорт модулін салу жобалары бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу