KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
514.94 583.74 6.13

Шемонаихада екі тауарлы сүт фермасы салынады

Фото: Inbusiness.kz

29.03.2024, 18:00 220 Нұржан Кенжеұлы

Шемонаиха ауданында екі бірдей тауарлы сүт фермасының құрылысы басталды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Данияр Уахитов осылай деді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Биыл «ШҚО аумағында Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы тәжірибесін тираждау» бағдарламасы шеңберінде «Сугатовское» ЖШС (құны 3 миллиард 30 миллион теңге) мен «Хамзин С. и Ко» сенім серіктестігінің (құны 3 миллиард 667 миллион теңге) тауарлы сүт фермаларын салу бойынша екі ауқымды жобаны іске асыру басталды. Жер учаскелері бекітілді, құрылысқа қажетті құжаттама әзірленуде, жабдықтар мен мал сатып алу бойынша коммерциялық ұсыныстар бар, – деп мәлім етті аудан әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ осы жылы «Рулиха» ЖШС-нің тауарлы сүт фермасындағы жыл бойы қорада ұсталатын голштин-фриз тұқымының аналық табынын 600 бастан 1 080 басқа дейін ұлғайту жобасы аяқталмақ. Бұл жобаның құны 1 миллиард 250 миллион теңгені құрағанын айту керек.

– 480 бас асыл тұқымды малдың 266 басы әкелінді, қалған 310 бас маусым айында жеткізіледі деп жоспарлануда, – дейді Д.Уахитов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу