KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

94 млн теңгені жымқырған ұрылар қайықпен қашқан

19.04.2024, 18:04 6 114 Ержан Әбіш

Өскемендегі кеңселердің бірінен 94 млн теңге ақша ұрланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаментіне ұрлық фактісі бойынша арыз осы жылдың 5 сәуірінде түскен.

– Жәбірленушілер белгісіз біреулер сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын хабарлады. Қасқөйлер қылмыс орнынан кету жолын алдын ала дайындаған, олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен. Осылайша олар іздерін жасырғылары келген, бірақ ойлары іске аспады, – деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Бірнеше күннен кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстаған.

– Олар сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді, – делінген ведомства ақпаратында.

Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу