Шығыстың кішкентай қолөнершілері табысын тасқыннан зардап шеккен отбасыларға жіберіп жүр
Өскеменде тұратын Еңілік пен Әдемі гипстен түрлі кәдесыйлар жасайды. Олар бұл бұйымдарды сатып, табыстарын тасқыннан зардап шеккен отбасыларға көмекке жібереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Гипстен түрлі бұйымдар мен кәдесыйларға тапсырыс қабылдай бастаған Әдемі мен Еңліктің жұмыстарына сұраныс артқан. Өйткені көпшілік бұл кішкентай заттарға кішкентай қыздар үлкен жүректерімен кіріскенінен хабардар.
Қыздар осы істен тұскен қаражаттарын су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы тұрғындарға көмекке жіберуде.
Оқушылар сабақтан бос уақыттарын текке өткізбей, сүйікті ісіне арнай отырып, көпке үлгі болар қайырымдылыққа да үлестерін қосып жүр. Ата-аналары да қыздарының бұл бастамаларына қолдау білдірген.
Қыздар гипстен бұйым жасауды Балалар шығармашылық үйіндегі қолөнер үйірмесінен үйренген.