KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Шығыс Қазақстанда қоқыс тастағандарға жаза күшейтілуі мүмкін

25.04.2024, 20:30 80 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде жылда қыстан кейін рұқсат етілмеген қоқыс орындары пайда болады. Олардың саны 200-ден асып кеткен. Мұндай қоқыс үйінділері облыс орталығының сыртқы келбетіне нұқсан келтірумен қатар өртке де себепші екені белгілі.

Коммуналдық қызметтер қатты тұрмыстық қалдықтарды полигонға уақтылы шығарып тұрса да, қоқыс мәселесі жыл сайын қайталана берді. Қала көшелеріндегі, бау-бақша қоғамдастықтарының маңындағы үйілген қоқыстан арыла алмай келеміз. Осыған қатысты төтенше жағдай қызметі де алаңдаушылық танытып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД бастығы Ерғали Бахаев берген мәліметке сүйенсек, өрт қауіпі бар маусым басталғанда осындай қоқыс орындарындағы өртті сөндіруге арнайы қызметтер күнделікті шығады екен.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев та саяжай кооперативтерінің біріне барған кезде осы мәселені көтерді. Ол экологиялық мәдениетке ерте жастан тәрбиелеу керек екенін айтты. Ал тәртіпке бағынбай, көшелер мен аулаларды ластап жүргендерді қатаң жазалау қажет дейді аймақ басшысы. Бұл шараға осы бағытта жұмыс істеп жүрген қоғам белсенділерін тартып, мәселенің шешу жолдарын қарастырған жөн.

- Балаларды мәдениетке балабақша мен мектеп қабырғасында жүргенде үйрету керек, - деді облыс әкімі. – Адам өзі тұрып жатқан жерді ластамауды әдетке айналдыруға тиіс. Үйінде де, көшеде де. Егер мұндай адамдардың қатары артса, жағдай да өзгеретін еді.

Естеріңізге сала кетсек, қазір өңірімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Акция аясында қалалар мен аудандарда көшелер, жолдар, мәдени және қоғамдық орындар тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді, басқа да санитарлық шаралар іске асырылуда.

Фото: Данияр Сағидолдин

Видео: Ермек Иманғазин

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив