KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, З
447.25 485.18 4.96

Алтай қаласында автокөліктер шеруі өтті

Алтай ауданы әкімдігінен
Алтай ауданы әкімдігінен
9.05.2024, 15:00 76 Назерке Каримова

Бүгін Алтай қаласындағы орталық саябақта Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тұрғындар жерлес майдангерлер есімі жазылған мемориалдық тақталарға гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті. Шара автошерумен жалғасын тапты. оған 30 жеңіл көлік пен «Алтай» клубының 12 мотоциклшісі қатысты. Мемлекеттік ту, жеңістің символикалық таспаларымен әрленген көліктер ҰОС ардагерлерінің суреттерін Алтай қаласының көшелерімен алып жүрді.

- Бұл акция өскелең ұрпаққа аталарымыздың ерлігін еске салып, танытуға септігін тигізеді. Осылайша біз ешкімнің де ешқашан ұмытылмайтынын дәлелдегіміз келеді,  - дейді автошеру қатысушылары.

Одан өзге, орталық саябақта тематикалық фотоймақ ұйымдастырылды.

Өлкетану залының ұжымы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Жеңіс күнімен құттықтап, сол жылдардағы әскери керек-жарақ элементтерімен естелік суретке түсу мүмкіндігін ұсынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив