KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, С
487.24 529.34 5.02

ШҚО: Онкоорталық дәрігерлері слинг жүйесін орнату техникасын меңгерді

19.06.2024, 11:44 125

2022 жылдан бастап ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында радикалды простатэктомиядан кейін зәр шығаруды ұстамайтын науқастарға реконструктивті-пластикалық операциялар жүргізіледі.

Онкоурология бөлімшесінің меңгерушісі Асқар Ибраевтің айтуынша, простатэктомиядан кейін кей пациенттер зәр ұстамауынан зардап шегеді. Онкологиялық орталық дәрігерлері пациентті осы проблемадан толықтай емдеуге көмектесетін слинг жүйесін орнату техникасын игерді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Слинг жүйесін орнату пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартады.  Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын бұл проблема простатэктомиядан өткен науқастардың 10-15 пайызында болған. Біздің дәрігерлер Ұлыбританияның, Израильдің, Германияның жетекші клиникаларында білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырды. Қазіргі уақытта пациенттердің тек 2-3 пайызында кездеседі. Бұл ісіктің таралу сатысына және хирургиялық емдеудің кең көлеміне байланысты болады, - деп атап өтті Асқар Ибраев.

Онкологиялық орталық дәрігерлеріне арналған слингжүйелерді орнату бойынша мастер-классты 2023 жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының маманы, урологиялық бөлімшенің меңгерушісі Бақтияр Қасымов жүргізген. Қазір мұндай операциялар тек Астанада және Шығыс Қазақстанда жасалады.

Осы жылдың шілде айында ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігерлері әлемге әйгілі хирург, профессор, уролог-дәрігер Давид Николашвилиді реконструктивті-пластикалық операциялар, атап айтқанда, жыныс мүшесін протездеу бойынша мастер-класстар сериясын өткізуге шақыруды жоспарлап отыр. Бұл онкологиялық орталықта дамитын реконструктивті пластикалық хирургияның тағы бір бағыты. Бұл хирургияның мақсаты-радикалды простатэктомиядан кейін жоғалып кететін эректильді функцияны қайтару.

- Көпсалалы онкология және хирургия орталығының базасында «Onco Week Vko» Конгресін өткізу жоспарланып отыр. Онда Грузия мен Ресейден келген шетелдік әріптестермен, сондай-ақ ҚазОРҒЗИ өкілдерімен тәжірибе алмасамыз, - деді Асқар Ибраев.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив