KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Су айдындарында сақтық шаралары күшейтілді – ШҚО

19.06.2024, 12:03 102 Ләззат Қанатқызы

Өңірде күн райы жылынып, суға түсу маусымы басталғалы су айдындарында сақтық шаралар күшейтілді.

Құтқарушылар жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін рұқсат етілмеген жағажайларды назарға алып, кезекшілік ұйымдастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

- Шомылу кезеңі басталғаннан бері барлығы 713 рейд жүргізілді. Уақтылы профилактиканың арқасында 11 бұзушы ӘҚБтК - нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1 адам кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы) жазаланды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

ШҚО ТЖД мамандары су айдындарында демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратты. Сондай-ақ ережелерді елемегені үшінәкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу