KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 2,5 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Риддер тұрғындары ЖЭО туралы: қыста үйіміз жылы болды

26.06.2024, 19:46 84 ALTAINEWS

Бірнеше жыл қатарынан жұмысы тоқтап, апаттар жиі болған Риддер ЖЭО бүгінде ауқымды қайта құрудан өткізілді. Жыл көзін қалпына келтіур үшін бүкіл елден мамандар мен ресурстар тартылды. Бұл жұмыстың нәтижесі де көп күттірмеді, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Риддер ЖЭО-да бір жылдан аз уақыт ішінде технологиялық тізбек қайтадан құрылды. Энергетиктер үл ауысыммен қауырт режимде аянбай еңбек етті, соның арқасында суық түскенге дейін негізгі жұмыстар аяқталып қойған болатын.

ЖЭО жылыту маусымы басталған кезден және оның аяқталуына дейін Риддер қаласын жылумен қамтып, толық көлемде жұмыс істеп тұрды.

Бүгінгі таңда өткен жылыту маусымдарын есепке ала отырып, Риддер ЖЭО-ның барлық проблемалық учаскелерінде күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, оның ішінде қазандықты қайта құру жұмыстары жалғасын тапты, сондай-ақ қаланың 55 учаскесіндегі 18,9 шақырым жылу желілері ауыстырылмақ.

- Бірінші қазанда экранды құбырлар ауыстырылуда. Екінші қазанда – буқыздырғыш құбырлар ауыстырылды. Үшінші қазанда – экономайзерге демонтаж жасалып қойды. Монтаж жұмыстарына дайындық жүріп жатыр. Номер 4-інші қазандық агрегатында – қосалқы механизмдер жөнделіп, экрандық құбырлар демонтаждалады. Номер 5-інші қазандықта – қосалқы жабдықтар жөнделуде. Сондай-ақ экран құбырларын демонтаждау да басталды. Номер 6-ншы қазандық агрегатын алып кетті, яғни қосалқы жабдық. Демонтаж жасалып қойды. Оны қалпына келтіру үшін бас мердігердің базасына алып кетті, - деп түсіндірді қазандық цехының басшысы Дмитрий Дягель.

 

ЖЭО-да барлық жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталатынын айтып отыр.

- Өткен жылы біз барлық алты қазанды ауыстыру бойынша үлкен жұмыс атқардық. 500-ден астам адам тартылып, 24 сағат бойы жұмыс істеді. Нысанды мерзімінде пайдалануға беріп, қаланы жылумен қамту міндеті қойылған болатын. Кесте 100%-дай орындалды. Үйлерінің жылы болғаны туралы айтқан сөзімді адамдар растай алады, - деді Риддер ЖЭО станциясының кезекші инженері Марат Әбубаев.

Осының барлығы қысқа дайындық кезінде өз пәтерлерінде жылу оқшаулау жұмыстарын жүргізген қала тұрғындарына суық кезеңді жылы және жайлы өткізуге мүмкіндік берді.

Әрине, мәселелер мүлде туындамады деп айтуға болмайды – арасында тұрғындар пәтерлеіндегі төмен температура туралы хабарлайтын. Оның себебін анықтау үшін Риддер әкімдігі барлық көппәтерлі үййлерді тепловизордың көмегімен тексеру шараларын ұйымдастырған. Осылайша, мамандар Өлшеу, баптау және сынау қызметінің өкілдерімен бірлесіп екі үйді тексеру кезінде ғимараттарда жылу қорғаудың бұзылғанын анықтады. Бұл үйлердегі жылу жоғалту аймақтары - терезе блоктары мен қоршау құрылымдарының, сондай-ақ шатыр жабындарының қабаттасқан тұстары. Инженерлер қорытынды шығарып, қажетті температуралық режимді қамтамасыз ету үшін ғимараттардың контурын оқшаулауды ұсынды.

Одан бөлек, пәтерлердің суық болуының тағы бір негізгі себебі – көптеген тұрғындар өз үйлеріне электр сорғыларды заңсыз орнатып алған, соның салдарынан гидравликалық режим бұзылып, электрмен жабдықтаудың жиі үзілуіне әкелді. Жыл көлемінде арнайы комиссия барлық көппәтерлі үйлерді тексеріп, бұзушылақтар анықтады, қолдан жасалған осындай «бұйымдарға» демонтаж жасады.

Сонымен қатар температуралық режимнің ауытқуы тікқұбырлар мен жылу радиторлары бітеліп қалған үйлерде де болған. Бұл факторлардың барлығы ЖЭО-ның жұмысын қиындатты. Дегенмен, риддерліктердің өзі бұл жылыту маусымы бұрынғыға қарағанда айтарлықтай жақсы өткенін айтып отыр.

Өткен жылыту маусымы басталған кезде  Риддердің жылу желілерінің тозуы 82,5% болған. Биыл республикалық бюджеттен қалалық ЖЭО мен жылу желілерін жөндеуге ,5 миллиард теңге бөлінді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив