ШҚО полицейлері ауылдық кітапхана қорын толықтырды
Фото: Polisia.kz
ШҚО полицейлері «Ауылдық кітапханаларға арналған 100 кітап» акциясына қатысып, Глубокое аудандық балалар кітапханасына көркем, ғылыми-танымдық және дамытушы әдебиеттер тарту етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында жас ұрпақтың кітап оқу мәселесіне ерекше назар аударған еді.
– Біздің облыстық департамент көптеген танымал медиа тұлғалар қолдаған бұл акциядан тыс қалмады. Шығыс Қазақстан полицейлерінің атынан біз кітапханаға 100 кітап сыйға тартып отырмыз. Жеткіншектер үшін бұл кітаптар білім мен шабыт көзі болатынына сенімдімін, – деді полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков.
Оқи отырыңыз