KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Гете-Институты кітаптарды сыйға тартты

3.06.2012, 18:00 193



Семейдегі Абай атындағы әмбебап кітапханада Қазақстандағы Гете Институтының директоры Барбара Френкель-Тонет, осы институттың Кітапхана және Информация бөлімінің басшысы Шолпан Естайқызы Қызайбаева және волонтер Катина Клэнхардт қонақта болып, кітапхана оқырмандарымен жүздесті.

Кітапхананың шетел әдебиеттері бөлімінің Алматы қаласындағы Гете институтымен әріптестік байланысының нәтижесінде кітапхана қоры оқырмандарға қажетті әдебиеттермен толықты. Шетелдік қонақтар кітапхананың шетел әдебиеттері бөліміне түрлі ғылым саласындағы неміс тілінде жарық көрген 137 кітап пен 2 электронды ресурсты тарту етіп, тұсаукесерін өткізді.

Тарих, елтану, анықтамалық сөздіктер, педагогика, психология, методика, экономика, өнер, балалар әдебиеті және көркем әдеби кітаптар қатысушыларға таныстырылды. Тұсаукесерге қаламыздың мектеп, колледж, жоғары оқу орындарының шет тілі пәні мұғалімдері мен шет тілдері факультетінде оқитын студенттер, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.

Шара барысында Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының директоры Уссербаева Роза Советханқызы сөз алып, Гёте-Институты қызметкерлеріне сыйға тарқан кітаптары үшін алғысын білдірді, тұсаукесер қонақтары Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің өкілі Ян Гозинг, Қазақстандағы Гёте-Институты директоры Барбара Фраенкель-Тонет, осы институттың Кітапхана және Ақпарат бөлімінің басшысы - Шолпан Естайқызы Қызайбаева да сөз сөйлеп кітапхана мен кітапхана қызметкерлеріне, шараға қатысушыларға өз алғыстарын білдіріп кітапханаға өздерімен бірге ала келген тағы да бірнеше кітаптар мен дискілерді тарту етті.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив