KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 1 м/с, С
521.57 601.01 6.65

ШҚО-да аэровизуалды мониторинг жүргізілді

1.07.2024, 15:43 207 Ержан Әбіш

Өрт қаупі жоғары кезең аясында облыс аумағына әуеден аэровизуалды мониторинг жүргізілді. Қуантарлығы, өрт ошақтары анықталған жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Үлкен Нарын орман шаруашылығы» КММ-ның, орманшылықтардың, Үлкен Нарын ауылындағы №26 өрт сөндіру бөлімінің, Катонқарағай аудандық ауруханасының, Үлкен Нарын ауданы АПБ жергілікті полиция қызметінің күш-құралдары, табиғи өрттерді жоюға дайындықтары тексерілді.

– Жыл сайынғы талдауға сәйкес, өрттер шілде-тамыз айларында жиілей түседі. Өрттің ормандар мен елді мекендерге жайылуына жол бермеу үшін минералдандырылған қорғаныш жолақтарын жасап, оларды уақтылы жаңартып отыру қажет, – деді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Біләлов.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қыметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу