KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Катонқарағай мен Марқакөл аудандарында полиция ғимараттары жөнделеді

22.07.2024, 16:25 214 Ержан Әбіш

Облыс әкімі Ермек Көшербаев Ішкі істер министрімен бірге Катонқарағай ауданында және жаңадан құрылған Марқакөл ауданында болды.

Сапар барысында Марқакөл және Катонқарағай аудандық полиция ғимараттарының жағдайы тексерілді. Биыл аталған ғимараттарды жөндеу басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Катонқарағай ауданының әкімдігі хабарлағандай, ғимарат соңғы рет 1997 жылы жөнделген.

– Бөлінген қаржыға ғимараттың қасбетін жөндеу, аумақты абаттандыру, қызметкерлерге арналған автотұрақ салу, есік-терезелерді, едендерді ауыстыру жоспарлануда, – деді аудан әкімдігінің өкілдері.

Мекемелерді кадрлармен қамту – маңызды мәселе. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев шалғай аудандарға жас мамандарды тартып, оларға жайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив