Катонқарағай ауданының әкімі қызметінен кетті
Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалихан өз өтінішімен қызметінен кетті. Бұл жөнінде бүгін облыс әкімдігінің мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ділдар Қалихан аталмыш лауазымға 2021 жылы қаңтарда тағайындалған болатын. Облыс әкімі Ермек Көшербаев оның білікті басшы болғанын атап өтіп, еңбек жолына сәт сапар тіледі.
Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін уақытша Расул Қарабалин атқарады.
Оқи отырыңыз