KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Барлықта медпункт салынып жатыр - Катонқарағай

8.08.2024, 19:34 411 Ержан Әбіш

Катонқарағай ауданының Барлық ауылында медпунктің құрылысы жүріп жатыр. Нысан Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде салынуда.

Медпункт ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуге, вакцинациямен, дәрі-дәрмекпен қамтуға арналған. Кең әрі жарық ғимарат медициналық құралдармен, бала денсаулығы кабинетімен, заманауи процедуралық, терапиялық кабинеттермен жабдықталады. Бұл мекемеде ауылдық округтің 200-ден астам тұрғыны көмек ала алады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілінің айтуынша, пункт құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 172 млн теңге бөлінген. Мердігер – «ГрадСтройСервис» ЖШС. Құрылыс маусым айында басталған, қыркүйектің соңында аяқталмақ.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Расул Қарабалинов, Катонқарағай аудандық ауруханасының бас дәрігері Гүлмира Сәкенова құрылыс барысын бақылап қайтқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив