KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Құтқарушылар жағажайлардағы бақылауды күшейтеді – Ұлан ауданы

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

29.06.2023, 09:22 133 Ләззат Қанатқызы

Ұлан ауданында су қоймалары мен өзендерде суға түсуге тыйым салу үшін «Суға түсуге тыйым салынған!» 29 белгісі орнатылған.

Қазіргі уақытта судағы апаттардың алдын алу, аудандағы су объектілерін мұқият талдау мақсатында жағажайларды жабдықтау жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Суға түсу маусымында адамдардың суға бату қаупі артады. Көбінесе қайғылы жағдайлар жабдықталмаған жағажайларда болып жатады немесе алкогольдік мас күйінде суға түсуі мен балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуы. Ұлан ауданының су қоймаларында жүзу үшін жағажайлар жабықталған. Бірақ ыстық ауа райында «Суға түсуге тыйым салынған!» белгілеріне назар аудармай, өздігінен соқпақ жағажайларға жүзіп баратын азаматтар бар, - дейді құтқарушылар.

Сондықтан апта сайын Ұлан аудандық өрт сөндіру бөлімдері мен әкімдік қызметкерлері адамдар демалуға жиі келетін жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар тарататын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив