Бүгін ШҚО-да бұршақ аралас жаңбыр жауады
pixabay.com
10 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
«Казгидромет» РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Облыс орталығында да найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.