«Абай үні, Абай лебі»: Өскеменде әдеби-музыкалық шара өтті (видео)
10 тамыз - ұлт руханиятының темірқазығы Абай Құнанбаевтың күні.
Айтулы мерекеге орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі Өскемендегі Арбатта өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шараның өтуіне облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мұрындық болған. «Абай үні, Абай лебі» әдеби-музыкалық шарасына шаһар тұрғындары мен қонақтары белсене қатысты. «Жырлары Абайдың, жаназығы» иллюстрациялық-кітап көрмесі кештің басты көркіне айналды. Көрмеде ақынның ғана емес, Абайтанушылардың да түрлі шығармалары ұсынылды.
Қонақтар музыкалық викторинаға қатысып Абайдың сөзіне жазылған сүйікті әндерін орындады. «Ашық микрофон» қала тұрғындарына Абайдың сүйікті өлеңдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқуға мүмкіндік берді.
Шараның кішкентай қонақтары «Төрт мезгіл» аймағында сурет салды.
Ерекше жабдықталған киіз үйде Абай күніне қатысушылар естелікке суретке түсіп жатты.
Балауса Мэлсқызы
Фото: Аяужан Утеулинова