KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскеменнің 23-ші шағын ауданына Интернет тартылып жатыр

Фото: dzen.ru

16.08.2024, 12:06 110 Ержан Әбіш

Енді аталған шағын ауданның тұрғындары жоғары жылдамдықты интернетті және басқа да цифрлық сервистерді пайдалана алатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала тұрғындарынан осы ауданға сапалы интернет байланысын тарту қажеттігі туралы бірнеше рет өтініш түскен. Шағын ауданда төрт мыңнан астам адам тұрады. Мобильді байланыс болғанымен, интернет жоқ еді.

Биыл жағдай өзгеруде. Мұнда GPON технологиясы бойынша 300 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы Интернетке қосылу үшін қажетті инфрақұрылым жасалып жатыр. Бұл технологияның ерекшелігі сол – абоненттің үйіне тікелей оптикалық байланыс желісін жүргізуге мүмкіндік береді.

Мамандары жұмыс жүргізіп жатқан «Фаст-Лайн» компаниясының өкілі Рамиль Османов бағандарды орнату, кабель тарту жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді. Келесі кезең – абоненттерді қосу. Бірнеше тұрғын интернет байланысына қосылып үлгерген. Олар ғаламтор жылдамдығының жоғары екенін айтып отыр.

Бұған дейін осындай байланыс Күленов кентінде, Шемонаиха және Глубокое аудандарында жүргізілген болатын.

Шығыс Қазақстанда барлық елдімекендерді жоғары жылдамдықты Интернетпен қамту ісі жоспарлы түрде жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив