KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

ШҚО: фельдшер жүктілік туралы жалған анықтама жасаған

Фото: depositphotos.com

16.08.2024, 15:19 128 Ержан Әбіш

Катонқарағай ауданының прокуратурасы жүктілік туралы анықтаманы қолдан жасау және пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Аудан тұрғыны аудандық ауруханада гинекологтың фельдшері болып жұмыс істеп жүріп, өзінің жүктілігі туралы жалған анықтама жасаған. Ол бұл құжатты сотта қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны болдырмау үшін пайдаланған.

Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша ұсынылған анықтаманың жалған екені анықталды.

Бірінші сатыдағы сот актісі аудан прокуратурасының өтініші негізінде өзгертіліп, Қ. 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қ.-ның жүктілігі туралы анықтаманы дайындап, пайдалануына байланысты аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 1 және 3-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

8 тамызда сот К.-ны тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тауып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив