KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 2 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Өскеменде бүгін "Бір ауыл – бір өнім" жәрмеңкесі өтеді

pixabay.com

17.08.2024, 10:00 422 Назерке Каримова

Көрме-жәрмеңке осы сенбі күні, 17 тамызда, Қазақстан көшесі, 159 мекенжайындағы "Гостиный двор" сауда кешенінде сағат 10.00-де басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы "Бір ауыл – бір өнім" жәрмеңкесінің мақсаты – қарапайым халықтың әл-ауқатын арттырып, кәсіпкерлерге өз өнімдерін әрі қарай экспортқа шығару үшін нарықты кеңейтуге көмек көрсету.

Өңірдегі бизнес-қоғамдастықтардың 20-дан астам өкілі өз өнімдерін жәрмеңкеге ұсынады: шәй, бал, зергерлік бұйымдар, киізден жасалған бұйымдар, ірімшіктің әр түрі, құрт, қымыз, қолдан жасалған сабын, балшықтан жасалған өнімдер мен басқалары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу