KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
477.62 527.67 5.25

ШҚО-да мектеп оқулықтарын сатып алуға 450 млн теңге бөлінді

pexels.com

17.08.2024, 17:00 112 Назерке Каримова

Бұл туралы кеше өңірдің мұғалімдерінің қатысуымен өткен тамыз кеңесі кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышеваның айтуынша, жалпы білім беру мекемелерін оқулықпен қамтамасыз ету жүйесі орталықтандырылған. Биыл оқулық сатып алуға 450 млн теңге бөлінген.

148 725 дана кітап пен оқу-әдістемелік кешенді сатып алу үшін 14 баспамен келісімшарт жасалған.

Кітаптар 20 тамызға дейін жөнелтіліп, 23 тамызға дейін жеткізіледі деп күтілуде. Артынша 25 тамызға дейін оқушыларға үлестіріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив