ШҚО Полиция департаменті олимпиадашыларды марапаттады
Облыстық полиция департаментінде Парижде өткен Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаған спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Элизавета Матвеева – қазіргі Олимпиаданың дебютанты, биіктікке секіруден Азия чемпионы. Шарлаимов Вадим мен Курбанов Руслан – әлемдік аренадағы жоғары жетістіктердің арқасында семсерлесуден Қазақстан спорты тарихына енген, бұған дейін семсерлесуде мұндай нәтижелерді ешкім көрсетпеген. Сонымен қатар Курбанов Руслан – қазақстандық семсерлесушілердің көшбасшысы және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Спортшы өзінің екінші олимпиадасында үздік алтылықтың қатарынан көрінді.
Айта кетейік, олардың барлығы – «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының тәрбиеленушілері және Ұлттық ұланда қызмет етеді.
Спортшылар негізгі жарыстар алдында толқу болғанын, оны жеңуде бапкерлердің қолдауы көмектескенін атап өтті.
Фото: polisia.kz