ШҚО театры Білім күніне орай оқушыларға мереке ұйымдастырады
ШҚО драма және оперетта театрынан
Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры Білім күніне орай жас көрермендерге қойылым ұсынбақ.
Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңа оқу жылының басталуына орай әртістер екі спектакль ұсынбақ.
Үлкен сахнада сағат 13.00-де көрермендердің назарына Сергей Михалковтың «Три поросенка» ертегісі (орыс тілінде) ұсынылады.
Ал кіші сахнада сағат 15.00-де Данияр Саламаттың «Қасқыр шөп жей ме?» ертегісі өтеді.
Ескере кеткен жөн, қыркүйектің алғашқы күнінде бұл спектакльдерге кіру тегін.
Оқи отырыңыз