KZ
Өскемен
-15°
плотный туман жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ШҚО тұрғыны 500 мың теңгесінен айырылып қалды

Фото: polisia.kz

10.09.2024, 17:21 134 Ержан Әбіш

Арзан бағада пәтер алмақ болған ШҚО тұрғыны жарты миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өскемен қалалық полиция басқармасына облыс тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, белгілі бір азамат оған қолжетімді бағада пәтер алуға көмектесемін деп сендірген. Қызметі үшін 500 мың теңге сұраған. Ақшаға қол жеткізген соң байланысты түбегейлі үзген.

Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер 39 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған Өскемен тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындады.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу