KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Көптен күткен жол құрылысы көпір салу кезеңіне жетті

19.09.2024, 15:30 531 Айжанат Бақытқызы

Жүргізушілер Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысының аяқталуын бірнеше жыл күткен еді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Бүгінде жаңа жолдың дені салынып қойды. Алда маңызды тұстардың бірі - Пихтовка өзені арқылы өтетін көпір құрылысы тұр. Биіктікке тұрғызылатын құрылыс элементтері жеткізілген, қазір дайындық жұмыстары жүруде.

Алтай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жол құрылысы аяқталғаннан кейін мамандар оны облыс балансына ауыстыру жұмыстарын бастайтынын айтты. Жергілікті билік осы трассадағы жол төсемінің нашарлығына байланысты жүргізушілерден көп наразылық көріп отыр, алайда автожол олардың қарауында болмағандықтан қандай да бір шара қабылдай алмайды.

- Жол салынып, пайдалануға қабылданғаннан кейiн оны республикалық баланстан облыстық балансқа өткізу жөнiндегi жұмысты бiрден бастау қажет. Оны осындай жағдайға дейін жеткізбеу үшін өз еркімен қадағалайтын боламыз, - деді өңір басшысы.
Айта кетейік, жаңа автожол құрылысын келесі жылы аяқтап, іске қосу жоспарланып отыр.


                                                                                                                                                 Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив