KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

«Қонақжай отбасы» 100 балаға тіл үйретті

20.09.2024, 16:30 162 Айжанат Бақытқызы

Елімізде кеңінен насихаттау үшін ұсынылып, сәтті жүзеге асырылған жобалардың бірі – «Қонақжай отбасы» жобасы, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Биыл бірегей жобаның аясында Өскемен, Риддер қалаларынан, Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандарынан 100 бала Катонқарағай ауданының отбасыларында тұрып, мемлекеттік тілді үйренді. 

Ал қаймағы бұзылмаған қазақы өңір - Зайсан және Тарбағатай аудандарынан келген 20 бала Глубокое ауданы мен Риддер қаласының отбасыларында орыс тілін үйренді.

Айта кетейік, бұл жобаның мақсаты - тілдік ортаға ене отырып, балалар мен жасөспірімдердің тілдерді үйренуге қызығушылықтарын ояту және тілді меңгеру деңгейін арттыру.

Жобаға қатысушылар тек тіл үйреніп қана қоймай, экскурсияға шығу, кітап оқу, фильмдер көру, тарихи орындарға саяхат жасау арқылы сол өлкенің тарихымен және мәдениетімен танысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу