KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Денис Рыпаков: "Аса маңызды мәселе шешіліп жатыр"

6.10.2024, 09:30 116 Айна Ескенқызы

Өскемендегі №45 орта бейіндік мектебіндегі 1163 учаскесінде ШҚ облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков дауыс берді. Бұл учаскеде 2664 сайлаушы тіркелген, олардың арасында алғашқы рет дауыс беретін 22 жас бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бүгін елімізде АЭС салына ма, салынбай ма деген мәселе шешіліп жатыр. Азаматтар өз пікірлерін білдіруде. Осылайша мемлекет халықпен ақылдасуда. Мен де өз таңдауымды жасадым және әркімге ескерткім келеді: өз пікіріңізді білдіру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Біздің ортақ болашағымыз әрқайсымызға байланысты, – деп атап өтті ол.

Сайлау күні азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі елдің болашағы үшін өте маңызды.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу