KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Әкімшілік айыппұлды өндіріп алуды ұтымды ұйымдастыру тапсырылды – ШҚО

Фото: gov.kz

5.07.2023, 10:24 265

Облыста қылмыс көрсеткіші 26% төмендеген. Дәлірек айтқанда, 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 3 494 оқиға тіркелген, ал биылғы осындай кезеңде 2 580 дерек тіркелген.

Есірткіге қатысты қылмыстың алдын алуда өзекті мәселеге айналған Telegram-канал арқылы тарайтын синтетикалық есірткілердің қолжетімділігі талқыланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО прокуратурасының дерегінше, биыл кісі өлтіру саны – 37%, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері – 29%, ұрлық – 18%, тонау – 28%, шабуыл жасау – 54%, бұзақылық – 68%, қоғамдық орындардағы қылмыстар саны – 25%, мас күйде істелген қылмыстар – 13%, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы деректер – 23%, рецидивтік қылмыс 19% төмендеген.

Бұл деректер Үйлестіру кеңесінің отырысында айтылған. Отырыста есірткінің заңсыз айналымына, алаяқтыққа, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға қарсы қабылданатын іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алуда өзекті мәселеге айналған телеграм-канал арқылы таратылатын синтетикалық есірткілердің қолжетімділігі және интернет-алаяқтықтың алдын алумен байланысты проблемалар талқыланды.

Соңғы 3 жылда облыс аумағында әкімшілік практикада айыппұл салу туралы 760 мың қаулы шыққан, жалпы сома – 13,8 млрд теңге. Осы кезеңде бюджетке 10,7 млрд теңге немесе айыппұлдың 70%-ы түсті. Сонымен қатар айыппұлдың 30%-ы орындалмай қалады. 

Жағдайды түзету үшін уәкілетті органдарға әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұтымды ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдау міндеттелді.

                                                             

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив