KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да жыл басынан бері зорлау қылмысы бойынша 15 іс тіркелген

Фото: aikyn.kz

4.09.2023, 18:00 254 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылдың 7 айында ел аумағында 85 мыңнан аса қылмыстық іс тіркелген.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен мәлімдегендей, 85 мыңнан астам қылмыс 32 998 күдіктінің қолымен жасалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

 "Биыл 7 айда 85 889 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға аз. Былтыр осы аралықта 102 043 қылмыс тіркелді", – делінген комитет ұсынған деректерде.

Ведомство ақпаратына қарағанда, тіркелген қылмыс түрлері бойынша динамика төмендегідей:

- Кісі өлтіру – 261 іс (2022 жылы 356 іс тіркелген);

- Ұрлық – 27 652 іс (2022 жылы 38 428 іс тіркелген);

- Алаяқтық – 24 915 іс (2022 жылы 25 745 іс тіркелген);

- Тонау – 1 304 іс (2022 жылы 1 544 іс тіркелген);

- Қарақшылық – 80 іс (2022 жылы 110 іс тіркелген);

- Бұзақылық – 1013 іс (2022 жылы 1 651 іс тіркелген);

- Бопсалау – 305 іс (2022 жылы 245 іс тіркелген, өсім 24,5%);

- Зорлау – 302 іс (2022 жылы 397 іс тіркелген);

- Есірткіге байланысты қылмыстар – 4 461 іс (2022 жылы 4 232 іс тіркелген, өсім 5,4%).

Яғни, 2022 жылдың 7 айымен салыстырғанда биыл тіркелген қылмыстар санының кемігені байқалады. Дегенмен бопсалау және есірткі қылмыстарының саны артып отыр.

Мәселен, кісі өлімі Алматы қаласы, Павлодар, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жиі тіркелсе, ең азы Қызылордада.

Ал қаңтар-шілде айындағы жағдай бойынша ШҚО-даға ахуал келесідей:

кісі өлімі  - 19 іс;

есірткі қылмыстары бойынша - 184 іс;

алаяқтық қылмысы бойынша  - 889 іс;

Зорлау қылмыстары бойынша – 15 іс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу