Өскеменде Наурыз мейрамы мерекеленбейді
Өскеменде алда келет жатқан Наурыз мейрамы қаланың орталық алаңында кең көлемді мерекеленбейтін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
- Дүние жүзінде коронавирустың таралуына байланысты Өскеменде мәдени-бұқаралық шаралар өткізілмейді. Осыған орай Наурыз мейрамы қаланың орталық алаңында кең көлемді мерекеленбейді, - деп жазды шаһар басшысы.
Сонымен қатар, мектептердегі қосымша білім беру үйірмелері мен спорттық секциялардың жұмыстарын тоқтату туралы да шешім қабылданып отыр.
Қала әкімі тұрғындарды коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты шараларға түсінушілікпен қарауға шақырды.