KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
481.68 522.48 5

Қай заттарды сатып алған соң қайтаруға болмайды? Заңгер кеңесі

Бүгін, 17:00 0 Төлеуғазы Жансая

Дүкендерде немесе базарларда сатып алынған заттарды қайтару және айырбастау шарттары көпшілікті қызықтырады. Осыған байланысты заң ғылымдарының кандидаты Сәуле Ермұхаметова «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң аясында қандай тауарларды қайтаруға болмайтыны және тұтынушылар қандай жағдайда өз құқықтарын қорғай алатыны туралы түсініктеме берді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі  Massaget.kz порталына сілтеме жасап. 

Қай заттар қайтаруға жатпайды?

Заңға сәйкес, сатып алынған кейбір заттарды ақысын төлегеннен кейін қайтаруға немесе айырбастауға болмайды. Ермұхаметованың айтуынша, бұл заттардың қатарына мыналар кіреді:

  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар
  • Іш киімдер
  • Шұлық бұйымдары
  • Жануарлар мен өсімдіктер
  • Метрлеп сатылатын тауарлар (мата, кілем, лента, линолеум, және т.б.)
  • Ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары
  • Азық-түлік өнімдері

Бұл тізім заңның 30-бабына сәйкес анықталған. Осы тізімдегі тауарлар қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды, сондықтан тұтынушы бұл шарттарды білуі керек.

Қандай жағдайда тауарды қайтаруға болады?

Егер сатып алынған тауар жоғарыда көрсетілген тізімге кірмесе және тұтынушы оны пайдаланбаған болса, оның сыртқы түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары мен заттаңбалары бұзылмаған жағдайда, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат (чек) сақталған болса, тауарды 14 күн ішінде қайтаруға немесе ауыстыруға болады.

Чек болмаған жағдайда...

Егер чек жоғалып қалса немесе сатушы оны бермеген болса, сатып алушы осы сатушыдан сатып алғанын дәлелдесе, тауарды қайтару немесе ауыстыру мүмкіндігі сақталады.

Азық-түліктерді қайтару

Тамақ өнімдері тек мерзімі өтіп кеткен немесе сапасы нашар, стандарттарға сәйкес келмеген жағдайда ғана ауыстырылуы мүмкін.

Құқықтарыңыз бұзылса қайда жүгінуге болады?

Тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе E-tutynushy онлайн-сервисі арқылы шағым бере алады. Комитет азаматтарға тегін кеңес беретін "жедел желі" телефондары мен Telegram-боты арқылы қолдау көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив