KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 4 м/с, СШ
523.86 544.34 5.11

Тауарды қабылдаудан бас тартқан сатушыға заң талабы түсіндірілді

Фото: depositphotos.com

17.07.2024, 12:07 255 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті сатушымен түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, тұтынушыға тауардың ақшасы толық қайтартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дүкеннен бірреттік жөргек (памперс) сатып алған тұтынушы тауардың мөлшері сәйкес келмейтінін кейінірек анықтаған. Қажетті мөлшерге ауыстырғысы келген, бірақ дүкен оған айырбастау мен ақшаны қайтарудан бас тартады. Содан кейін тұтынушы сатушыға қажетті мөлшерге айырбастау талабымен жазбаша шағымданды. Сатушы жеке гигиена құралдары қайтаруға және айырбастауға жатпайды деп тұтынушының талабынан бас тартты.

Мәселені өз бетінше шеше алмаған тұтынушы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне жүгінеді.

Департамент тұтынушы құқығын қорғау туралы заңнамаға сәйкес сатушыға түсініктеме беріп, нәтижесінде тұтынушыға тауардың ақшасы толық қайтарылған.

Департамент басшысы Д. Дюсембаевтың мәлімдеуінше, заңның 30-бабына сәйкес егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, сатушы (дайындаушы) оны айырбастауға немесе қайтаруға міндетті.

Алайда заңнамада сатып алынған күннен бастап он төрт күн ішінде айырбастауға немесе қайтаруға жатпайтын тиісті сападағы тауарлардың тізімі қарастырылған. Олар – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, іш киім, шұлық, жануарлар мен өсімдіктер, метражды тауарлар, атап айтқанда мата, трикотаж және гардин төсемі, жасанды үлбір, кілем, тоқыма емес материалдар, лента, шілтер, бау, сым, кабель, линолеум, багет, пленка, клеенка.

Тұтынушылар өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады (Өскемен, Крылов көшесі, 114, телефон: 8-7232-267-207).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу