KZ
Өскемен
-8°
туман жел 5 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да өзен арнасы құндыздар құлатқан ағаштардан тазартылды (видео)

15.11.2024, 14:00 302 Гульжан Мусина

 

Огневка ауылы маңындағы Тайынты өзенінде «Коммунальник» КМК мен Асубұлақ орман шаруашылығының қызметкерлері өзен арнасын құлаған ағаш-талдардан тазартты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Бұл су тасқынына қарсы шаралар су ернеуінен асуының алдын алу үшін және аудандық маңызы бар автомобиль жолына су кетпеуі мақсатында атқарылды. Жиналған ағаштар мұқтаж отбасыларға отын ретінде таратылды, - деп хабарлады Ұлан ауданының әкімдігі.

Айта кету керек, бұл жағдай жабайы табиғат "өкілдері" құндыздардың талдарды талмай кеміруі салдарынан орын алуда. Мамандар айтуынша, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу