KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
499.51 525.83 4.62

Жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша жүгінулер 11%-ға өсті – ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

Кеше, 18:40 56 Гульжан Мусина

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша жүгінулер санының 11%-ға өскенін айтты,- деп хабарлайды  Аltainews.kz тілшісі. 

Химиялық заттардың әсерінен туындаған диагноздар тіркелмеген. Ведомство ағымдағы жылдағы тыныс алу органдары ауруларының статистикасын талдауды жалғастыруда. 2024 жылдың алғашқы 9 айында Өскеменде жоғарғы тыныс жолдарының патологиясымен 72 мыңнан астам пациент емделген. Айта кету керек, аурулардың халықаралық жіктемесінде «көмейдің химиялық күйігі» деген диагноз жоқ.

— ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын барынша қысқарту, сыртта физикалық белсенділіктен бас тарту және қорғаныс маскаларын қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, құрамында майы көп тағамдарды рационға қосып, ауыз қуысты шөп қайнатпаларымен жиі шаю қажет, — деді облыстың бас терапевті Михаил Бугайцов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу