KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 2 м/с, В
488.91 532.62 5

Өскеменде негізгі ластаушы кәсіпорынның бірі 13 факті бойынша ғана жауапқа тартылған

Фото: egemen.kz

30.10.2023, 15:06 160

Облыстағы медициналық ұйымдардың басшылары мен ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев химиялық заттардың әсерінен туындаған тыныс жолдарының күйігі мәселесін талқылады.

Осы уақытқа дейін тыныс алу жолдарының күйігі диагнозының болмауынан науқастарға нақты медициналық көмек көрсету мүмкін болмай келген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Департаменттің дерегінше, статистика үшін жыл сайын экологиялық талап бұзған кәсіпорындарды әкімшілік жауапқа тартады. Алайда бұл шара еш нәтиже берген жоқ. Яғни аталған саладағы мемлекеттік бақылау маңызын жоғалтып отыр.

2021 жылдан бастап Өскеменде зиянды заттардың максималды бір реттік ШРК-нан (шекті рұқсат етілген концентрациясы) асып кетуі бойынша 24,9 мың жағдай анықталған. Оның ішінде бейорганикалық қосылыстар бойынша 9,4 мың жағдай тіркелген. Негізгі ластаушы кәсіпорындардың бірі небәрі 13 факті бойынша жауапқа тартылып, оларға 25,6 млн теңге айыппұл салынған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив