KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, В
497.89 525.12 5

ШҚО тұрғындары тыныс алу органдарының ауруларына жиі шалдығады

6.05.2019, 10:43 113

ШҚО-да тыныс алу органдары ауруларына шалдыққан науқастардың қатары жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аймақта тыныс демікпесімен ауыратын 9 мың адам тіркелген. Оның ішінде төрт мың науқас облыс орталығында тұрады екен. Тағы 4,5 мың адам өкпенің созылмалы обструктивті ауруына шалдыққан. Бұлардың да жартысынан көбі - Өскемен тұрғындары.

Мұндай сандық мәліметтерді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы беріп отыр. Басқарманың ақпараты бойынша, науқастардың қатары жылдан жылға артып келеді. Ал оған себеп – нашар экология және адамдардың дене шынықтырумен айналыспауы, дене қимылының аздығы. Күнделікті тұрмыста ауамен жұтатын шаң-тозаң да адамдардың тыныс органдарына өте үлкен зиян тигізуде.

Десе де, ағзаны нашар экологиядан қорғаудың жолдары бар екен. Дәрігер мамандар ол үшін денені шынықтырып, спортпен шұғылданудың және тұрақты түрде жұтқыншақты физиологиялық ерітіндімен шайып отырудың қажеттілігі жайлы ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу