ШҚО әкімі: Аймақтық психологиялық қолдау және көмек орталығы ашылды
Шығыс Қазақстанда буллинг, суицид, тәрбие мәселелерімен айналысатын және психологтардың жұмысын арттыруға ықпал ететін аймақтық психологиялық қолдау және көмек орталығы ашылды. Бұл туралы брифингте аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Орталықта булингке қарсы «Kiva» пилоттық бағдарламасы іске асады, тәулік бойы «сенім телефоны» жұмыс істейді,- деді Ермек Көшербаев.
ШҚО-да биылғы оқу жылынан бастап мектептерде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы атты бірыңғай бағдарлама енгізілді, ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылды, одан бөлек «Даналық мектебі» клубтары құрылды.
Оқи отырыңыз