KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, В
521.9 593.5 6.39

Өскеменнің жаңа бас құрылысшысы қызметке кірісті

31.10.2019, 04:34 214

Өскемен қалалық құрылыс бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Ол – бұған дейін осы бөлімнің басшысының орынбасары болған Дидар Кеңесбаев, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Дидар Мұхтарбекұлы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Қызметтік жолын 2006 жылы бетоншы болып бастаған. Құрылыс аймақтарында бас шебер, бас маман болып жұмыс істеген.

2014 жылы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында қызметін жалғастырған.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу