KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

4.11.2019, 05:25 121

 

Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Даниал Ахметов аудан активтері және мәслихат депутаттарымен жиналыс өткізіп, ауданның жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Президент әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен аудан әкімі болып Шалқар Заманбекұлы Байбеков тағайындалды.

Ол 1967 жылы 6 ақпанда бұрыңғы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясының «Экономика» мамандығыны ие болып, 2001 жылы Қазақстан мемлекеттік заң академиясының «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясының мемлекеттік сақтандырудың   аға инспекторы болып бастады. 1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылдың ақпанынан бастап 2002 жылдың мамырына дейін Павлодар қ. Салық комитетінің төрағасының орынбасары,  төрағасы болып жұмыс істеді. 2002 жылдын ақпанынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін Астана қ. Салық комитетінің төрағасы, Астана қ. Алматы ауданы бойынша, Қарағанды облысы Салық комитетінің төрағасы, ҚР ҚМ-нің Салық комитетінің ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы. 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік бақылау  және ұйымдық-аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы. 2017 жылдың тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған әкімге бірқатар маңызды тапсырма жүктеп, көктемде келіп атқарған жұмыстарын тексеретінін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив