KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, З
525.11 546.74 4.88

Әділетті қоғам құру мәселесіне баса назар аударылды

3.01.2025, 13:30 421 Гульжан Мусина

Жаңа жылда әрбір қазақстандық алдағы жоспарларына  түзету енгізіп, мақсаттарын ел саясаты аясында айқындау үшін Президент халыққа ойын айтып, жоспарлармен бөлісіп отырады. Биыл да мемлекет басшысы жылды қорытындылап, жоспарларымен бөлісті. Биылғы сұхбатында Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылдың басты уақиғаларын еске түсіріп, одан алар сабақтарды түйіндеді.

Өткен жылы еліміздің кейбір өңірлерін су басқанда жұдырықтай жұмылып, әрекет еткен шақты,  айналамызды ғана емес, ой-санамызды тазартып, ниетімізді түзетуге бағытталған “Таза Қазақстан” акциясын еске түсірді. Әрқайсымыздың көкейіміздегі тағы бір нәрсе - әділетті қоғам құру мәселесіне назар аударып отыр.  Заң үстемдігі қанағаттандырылатын әділетті Қазақстанды құру идеясы әрқайсымыз үшін өзекті. Бұл бүгінгі күні алаңсыз жұмыс істеп, бала-шағамыздың болашағына, ел ертеңіне сенімдә болу үшін қажетті бірден-бір шара.

Президенттің әрбір сұхбатынан әрқайсымыз көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап алып, жеке отырып, әңгімелескен іспеттес болатынымызды байқаймын.

Халықпен билік арасындағы сындарлы сұхбат деген осы болса керек.

Фото: пікір білдірушіден

Аяужан Ашимова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу