Қонақжайлылық индустриясын дамыту: Өскеменде кәсіпкерлерге курс ашылды
pixabay.com
Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінің (Лермонтов көшесі, 50) базасында туризм және қонақжайлылық саласында қызмет ететін кәсіпкерлерге арналған білім беру курсы іске қосылады. Бағдарлама сервис сапасын арттыруға бағытталған және негізгі пәндерді қамтиды: қонақүй және мейрамхана менеджменті, іскерлік этикет, мейрамхана ісі, бизнес-жоспарлау, сондай-ақ заманауи трендтерге сай ұлттық тағамдарды зерттеу,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқыту екі форматта өтеді: теориялық сабақтар колледжде ұйымдастырылады, ал практикалық бөлім өңірдің жетекші мейрамханаларында – «Регистан» және «Восток-Запад» мейрамханаларында жүргізіледі. Курс соңында қатысушылар тестілеуден өтіп, сертификат алады.
Оқу ақысы – 25 000 теңге. Төлем шарт жасалғаннан кейін банк бөлімшелері немесе мобильді банк қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктері курстан өтуді жоспарлаған кәсіпкерлердің тізімін қалыптастыру жұмыстарын бастады. Қатысуға өтінім беру үшін жергілікті әкімдіктерге жүгіну қажет.