KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Жұмысшы мамандарын даярлайды

Бүгін, 15:30 61 Гульжан Мусина

Самар ауданындағы жұмысшы мамандарын даярлайтын колледжде алты мамандық бойынша білім беріледі. Атап айтсақ, тамақтандыруды ұйымдастыру, электр жабдықтары,  дәнекерлеу ісі, есеп және аудит, ауыл шаруашылығын механикаландыру, автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласының мамандары оқытылады.

Бүгінгі таңда Самар аграрлық-техникалық коллледжінде 136 студент білім алуда. Оқу орнының 1 курс студенттері 43 786 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Ал қалған студенттерге семестр қорытындысы бойынша шәкіртақы төленеді. Колледж директоры  Жанаргүл Жолжақсынованың айтуынша, мұндағы білім беру мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі және жалпы орта білім, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру негізінде жүзеге асырылады.

– Оқу үрдісі жалпы білім берудің пәнаралық байланыстары, базалық және кәсіптік модульдер арқылы мамандардың болашақ практикалық қызметіне бағытталған жұмыс оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады. Колледждегі оқу-тәрбие және өндірістік үдерістер жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі, – деді Жанаргүл Жолжақсынова.

Бұл колледждің студенттері өндірістік оқудан және практикалық сабақтардан өтеді. Оқу-өндірістік жұмыстың мақсаты – студенттердің теориялық оқыту процесінде алған білімдерін бекіту және жүйелеу, мамандықтар бойынша қажетті практикалық құзіреттіліктерді қалыптастыру, біліктілік сипаттамаларына сәйкес кәсіби дағдыларды дамыту, сондай-ақ оларды оқу іс-әрекетімен таныстыру.

Колледж студенттерді оқу үрдісінің кестесіне сәйкес мамандықтар бойынша кәсіби даярлауды жүзеге асырады. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімі және мазмұны өндірістік оқу жоспарларымен белгіленеді және жұмыс берушілермен келісіледі.

– Колледжде дуальді оқыту элементтері бар барлық мамандық бойынша тәжірибелік сабақтарды өткізуге тиімді база жасалып, бұл студенттердің өз мамандығын меңгеруіне үлкен ынталандыру болып табылады. 2024-2025 оқу жылында дуальді оқытумен 77 адам оқиды, бұл жалпы контингенттің 54 пайызын құрайды. Биылғы жылы 93 студент оқуын аяқтап, студенттердің 80 пайызы жұмысқа орналасты, – деді Жанаргүл Жолжақсынова.

Колледжде сабақ бір ауысымда жүргізіледі. Санитарлық-гигиеналық талаптарға сай теориялық және практикалық сабақтарға арналған кабинеттер бар. Барлық аудитория интерактивті тақтамен жабдықталған және интернет желісіне қосылған.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша студенттер оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Колледжде тұруға барлық санитарлық-гигиеналық жағдай жасалған 100 орындық жатақхана, 120 орындық асхана, 30 орындық кітапхана бар. Колледжде фельдшерлік пункт жұмыс істейді.

Айта кетейік, колледжде кадрларды даярлау бойынша оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізу үшін қажетті материалдық ресурстар бар. Колледждің инженер-педагогикалық құрамы заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен интернет-ресурстарды пайдалануды енгізу бойынша мақсатты жұмыстарды атқаруда.

Оқытудың белсенді түрлерін қолдануға, теориялық оқытуды практикаға жақындатуға, оқу-әдістемелік кешендерді құруға көп көңіл бөлінеді. Инженерлік-педагогикалық құрам – колледжіміздің сыртқы келбетін қалыптастыратын негізгі өзегі.

Колледжде 25 инженерлік-педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 5 өндірістік оқыту шебері және 20 оқытушы. Кадрларды іріктеу, орналастыру және олардың біліктілігін арттыру жұмыстары күшейтілді. Enbek.kz электронды еңбек биржасында кадр қажеттілігі туралы ақпарат бар. Бүгінгі таңда арнайы пән оқытушысы мен педаго-психолог қажет. 2020 жылдан бастап кадрларды жасаруда оң үрдіс байқалды.

– Колледжде 12 оқу кабинеті бар, оның ішінде 7 жалпы білім беретін пәндер кабинеті (жаңа модификациядағы 2 кабинет – химия және физика), арнайы пәндер кабинеті – 5, зертхана – 2 – аспаздар зертханасы, даяшылар зертханасы, шеберхана – 3 – дәнекерлеу цехы, слесарь шеберханасы, автокөлік диагностикасы шеберханасы, 147,9 ш.м. Колледждің жобалық қуаты – 308 адам, – деді Жанаргүл Жолжақсынова.

Ажар Мұратқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу