KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

Су тасқынының алдын алу: Катонқарағай ауданында аэровизуалдық мониторинг жүргізілді

5.02.2025, 16:50 691 Гульжан Мусина

Қысқы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облыс аумағында мониторинг жүргізу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Осы мақсатта төтенше жағдайлар бойынша облыстық комиссия мүшелері мен “Қазселденқорғау” қызметкерлері Катонқарағай ауданына барып, су тасқыны қаупі бар аймақтарды тексерді.

Мамандар Бұқтырма өзеніне тікұшақпен аэровизуалдық шолу жасап, мұздықтардың жағдайын, су деңгейін және қауіпті учаскелерді бақылаудан өткізді. Бұл жұмыстар аймақтағы су тасқынына қатысты қауіп-қатерді алдын ала анықтап, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу