Мейрам Қажыкен: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң заңдар қажет
ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Алматы қаласына барып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.
Қатысушылар қатарында құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері, сенімді өкілдер мен қоғам қайраткерлері бар.
Тараптар сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады.
- Қатаң заңдар қажет және олар өз күшінде орындалуы керек. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері - әр адамның сана сезіміне, мәдениетіне байланысты. Ал оны жеңу де дәл солай. Тек репрессия арқылы сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Халыққа есеп беретін мықты, ашық азаматтық қоғам қажет. Яғни мықты азаматтық қоғам, тәуелсіз кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы және басқа да көптеген ұйымдардың күші бірігу керек. Сонда адамдар мемлекеттің келісімшарттарын, бюджетті, жер учаскелерін бөлу тағы басқа әрекеттерді бақылай алады, - деді Мейрам Қажыкен.