Өскемен ЖЭО жұмысшыларының еңбегі жоғары бағаланды (Видео)
«Өскемен ЖЭО» ЖШС еңбек ұжымын Жұмысшы мамандықтары жылы аясында құттықтап, олардың қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жұмысшы мамандықтары ел экономикасы мен халықтың әл-ауқаты үшін әрқашан маңызды. Өскемен ЖЭО қызметкерлерінің кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы өндірістің ғана емес, бүкіл елдің дамуына үлес қосуда.
Кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби жетістіктері де ерекше назар аударуға лайық. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен өткен «Jas Kenes Siylygy» премиясында «Өнеркәсіп» номинациясы бойынша «Өскемен ЖЭО» ЖШС қазандық жабдығы бойынша аға машинисі Ернұр Болатұлы Тоқушев жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, кәсіпорынның өндірістік бақылау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Сырым Өмірзақов «KIOSH» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 12-ші Қазақстандық халықаралық конференция мен көрмесінде «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі үздік инженер» атағына ие болып, 1-орын дипломымен марапатталды.
Өскемен ЖЭО – өңір экономикасының маңызды тіректерінің бірі. Кәсіпорынның білікті мамандары өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне үлес қосуда. Жас мамандардың көп болуы – кәсіпорынның тұрақты дамуы мен болашаққа деген сенімділігін көрсетеді. Олардың кәсіби жетістіктері мен белсенділігі тек кәсіпорынның ғана емес, бүкіл саланың өркендеуіне серпін беруде. Қазақстан Халық партиясының алғысы мен құттықтауы жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін тағы бір рет айқындады.
Ақерке Рағызбаева
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Ермек Жиенбеков