KZ
Өскемен
-17°
ясно жел 2 м/с, С
499.76 521.7 5.63

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша ШҚО ауылдарында 500-ден астам жоба қаржыландырылады

Кеше, 10:53 327 Төлеуғазы Жансая


Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындарын қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жалғасуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық әкімдік отырысында өтіп жатқан жиында ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ажар Қажыбекова 2023 жылы аталмыш бағдарлама аясында 1,5 млрд теңге көлемінде несие беріліп, 235 жаңа жұмыс орны ашылғанын атап өтті. Қаражаттың негізгі бөлігі мал шаруашылығын дамытуға – мал сатып алу мен фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталған. Сондай-ақ өсімдік шаруашылығын дамытуға, ара шаруашылығына, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға және туризмді дамытуға несие бөлінді.

– Бағдарлама аясында өңірде сиыр, жылқы және қой саны артты, ал сүт өндірісі 12,6 мың тоннаға дейін өсті. Сонымен қатар жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға төмендеп, жеке кәсіпкерлер саны көбейді. Кейбір аудандарда отбасылардың орташа жалақысы 10%-ға дейін өсті, – деді Ажар Қажыбекова.

Айта кетейік, өткен жылы бағдарламаға 7 млрд теңге бөлу жоспарланған, алайда республикалық бюджеттен тек 2,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат туризмді дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге, техника сатып алуға және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталды.

– Қазірдің өзінде 1 млрд теңгеге 72 жоба мақұлданып, 163 жаңа жұмыс орны ашылады, – деп атап өтті Ажар Қажыбекова.

Осы жылы бағдарламаға қосымша 3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, ал ауыспалы қаражатты ескергенде бюджет 4,5 млрд теңгені құрайды. Бұл шамамен 550 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік береді. Негізгі бағыттар – туризм, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және фермерлерге техника сатып алу.
Жиында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов басқарма басшысы Ажар Қажыбековаға пилоттық жобаны іске асыру үшін ережелерге өзгеріс енгізу қажет пе деген сауал қойды. Өз кезегінде басқарма басшысы пилоттық жобаны іске асыру үшін қаражат бөлуді өтінді.

Ажар Сағатпекова

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу