KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
502.47 525.83 5.68

ШҚО полицейлері 20 жыл бұрын болған ауыр қылмысты ашты (Видео)

Кеше, 15:00 168 Төлеуғазы Жансая


Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері 2004 жылы Өскемен қаласында жасалған қылмысты ашты, деп хабарлайды
Altainews.kz тілшісі.

2004 жылғы 22 қаңтарда облыс орталығындағы үйлердің бірінен көптеген пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылған. Бұл факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда сол кезде қылмыскер жасырынып үлгерген, тіпті айғақтарды жою мақсатында үйді өртеп жіберген. Бұл тергеу барысын едәуір қиындатты.

Жылдар өтсе де, іс бойынша жұмыс тоқтаған жоқ. Полиция қызметкерлері жиналған материалдарды мұқият талдап, қылмыс көрінісін кезең-кезеңімен қайта қалпына келтірді. 2025 жылдың ақпанында тергеу қайта жанданып, жедел-іздестіру шаралары барысында жаңа айғақтар табылып, дәлелдемелердің жекелеген фрагменттері қалпына келтірілді. Соның нәтижесінде күдіктінің ізіне түсу мүмкін болды, – деп хабарлады ШҚО ПД.

18 ақпанда сот күдіктіні қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.

Барлық процессуалдық шаралар аяқталған соң қылмыстық іс сотқа жолданады.

 

Ержан Әбіш

Фото/видео: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу