KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, З
498.69 522.23 5.79

Облыстық филармония Серебрянск қаласындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне өнер көрсетті

Бүгін, 12:10 91 Гульжан Мусина

 

Алтай ауданының Серебрянск қаласында ерекше мәдени шара өтті. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының әртістері арнайы келіп, концерт қойды.

 

«Alem sazy» вокалды-аспаптық ансамблі мен филармония солистері ең танымал әндерді жанды дауыста орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар да бұл өнер кешіне белсене қатысып, әртістермен бірге ән айтып, би билеп, ерекше әсер алды.

Бұл іс-шара «Ауыл – Ел бесігі» жобасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жоба ауылдық жерлердегі мәдениетті дамытуға және балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған.

Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі өкілдері мұндай шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу